ЛЕВ ТОЛСТОЙҒА РОМАН АРНАҒАН ҚАЗАҚ

Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 1705
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің президенті академик Әбен Нұрмановтың 2018 жылғы істеген жұмысы мен жетістіктерін әріптесі ретінде қысқаша жазуды жөн көрдім.

Әбен Алдабергенұлы Түркістан қаласындағы әл-Фараби атындағы орта мектепті 1966 жылы бітіріп, техникум, институт, университетте білімін жалғастырып, аудандарда инженер,  кеңшар директоры, Қапшағай ауыр құрылыс тресінің бастығы болды. 2008 жылдан бері «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің құрылтайшысы, президенті қызметтерін абыроймен атқаруда. Ол БҰҰ Халықаралық адам құқығын қорғау комитетінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің президенті, генерал-майор, Қазақстан және Еуразия Жазушылар одақтарының мүшесі, Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы. «Шоқан сағасы» атты 10 томдық (декатом) роман авторы. «Ғибрат» философиялық ойлардың 100 томдық кітабын 2015 – 2018 жылдары жазып, Ш.Уәлихановтың ғылыми жобасын, экспедициясын зерттеп, қазіргі жатқан жері Алтынемелге дейін барып, тұсаукесерін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткізді.
Ресейдің ұлы жазушысы Лев Толстойдың 190 жылдығы құрметіне арналған «Лев Толстой – адамзаттың мақтанышы – идеал человечества» атты 4 томдық роман-эпопеясын қазақ, орыс тілдерінде жазған. 
Тәуелсіздіктің 27 жылдығына байланысты Астанада Президенттің қабылдауында болып, «Құрмет» орденінің иегері атанған Ә. Нұрманов мырзаны өз атымнан, ұжым атынан бір ғасырдан аса тарихы бар облыстық «Жетісу» газеті арқылы құттықтаймын. Мұндай тамаша тарихи сәттің жадымызда мәңгі сақталары анық. Кезінде беделді қызмет атқарған Әбекең жас ұрпақты тәрбиелеуде ұшан-теңіз шаруа атқаруда және өзінен кейінгілерге ғибратты сөзін, ақыл-кеңесін айтудан жалықпайды.

Әсет АЛЖАНБАЙ,
«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің
Алматы облысы бойынша өкілі