НАУРЫЗ-ТІЛЕК: ІРГЕМІЗ СӨГІЛМЕСІН!

Уақыты: 26.03.2019
Оқылды: 1151
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі саналған.

Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы жер-әлемнің жаңаруын айшықтайтын, мерей тасытқан ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың белгісі. Бұл өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Шын ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен Жаңа жылды қарсы алайық!

Отанымызға береке, халқымызға игілік, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Мемлекетіміз молшылықта болсын. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін демекпін. Барлықтарыңызды Наурызбен шын жүректен тағы да бір құттықтаймын.

Қайрат ЖҮНІСПЕКОВ,

Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің бастығы, подполковник