КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА: МЕТАЛЛ ҰРЛАУШЫЛАР ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Уақыты: 28.03.2019
Оқылды: 1250
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Үштөбе стансысындағы желілік полиция бөліміне қарасты аумақтарда «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» іс-шаралары атқарылуда.

 

Аталған акцияның негізгі мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру. Яғни, әр азамат кез келген құқықбұзушылықты көріп, селсоқ болып қалмай, арнайы органдарға хабарлауы керек.

Көліктегі полицияның басты міндеті – қызмет көрсету аумағында теміржол көлігімен тасымалданатын жүктің сақталуы мен пойыздардың,  ұшақтардың қауіпсіздігі және заңсыз есірткі бизнесімен күресу.

Үштөбе стансысындағы ІІЖб кызмет көрсету аумағына Ақтоғай стансысынан Сарыөзек стансысына дейін және Талдықорған – Қарабұлақ – Текелі тармағы кіреді, барлығы 500 шақырымнан астам теміржол және Талдықорған қалалық әуежайы қамтылған.

ЖПб қызмет көрсететін аумағы 7 ауданға созылған. Сонымен қатар, Үштөбе стансысындағы ЖПб КПБ қызметкерлерімен «Қазтеміртранс» АҚ филиалы, «ҚТЖ ҰК» АҚ, «ӘТЖК» АҚ мекемелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жылжымалы құрамның жабдықтау бөлшектерін, жолдың жоғарғы құрылысын, байланыс құрылғыларын ұрлау қылмыстарының алдын алу бойынша түрлі түсті металл бөлшектерін ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және олардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Д. ОРМАНОВ,
Талдықорған ст. ЖПб полиция қызметкері