БАЛЫҚ ТИЕГЕН КӨЛІКТЕР ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 16.04.2019
Оқылды: 1035
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алакөл ауданының аумағында ірі көлемде балық тиеген екі автокөлік ұсталды. Оның бірі аудан орталығы Үшарал қаласының жанында, екіншісы Алакөл көлінің маңында кезікті.

Көлігіне жарты тоннадан астам «табан балық» тиеген жүргізуші полицейлерге браконьерлік тауарды қайда алып бара жатқанын ашып айтпады.

- Екі дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілердің балықты аулауға және оны тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ. Бірінші көліктен 200 килограмға жуық балық, ал екінші көліктен 783 кило балық тәркіленді. Осы екі дерек бойынша мемлекетке келтірілген материалдық шығын есептеліп, оны өтеу мәселесі қарастырылуда, - деп атап өтті облыстық табиғат қорғау полициясының өкілі, полиция капитаны Бағлан Рымтаев.

Ақпаратқа сәйкес, тәркіленген балықтар тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"