МЕКТЕПКЕ ПРОКУРОР КЕЛДІ

Уақыты: 23.04.2019
Оқылды: 1101
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданындағы Қарабұлақ орта мектебінде «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» тақырыбында 9-11-сынып оқушылары арасында  семинар өтті.

Семинарға аудандық сот судьясы Марат Арынұлы, прокурор Сәкен Ақшолақов, адвокат Динара Әбдікәрімова, полиция өкілдері, аудандық білім бөлімінің мамандары және психологтар қатысты. Шара оқушылар арасында қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өрбіді. Жиында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасағаны үшін жауапкершіліктері туралы заң баптары талқыланды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар заңнамаға сілтеме жасай отырып нақты және толық  жауап берді.

Өз кезегінде С.Ақшолақов статистикалық деректерге тоқталса, Д.Әбдікәрімова оқушыларға құқықтары мен міндеттері және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жолдары, қиын жағдайда қайда бару керектігі жайлы айтты. Сондай-ақ, полиция аға лейтенанты  Д.Қалибаева ойланбай жасалатын әрекеттердің арты жақсылыққа апармайтынын ескертіп, оқушыларға болашақ өміріне кері әсерін тигізетін жағдаяттардан сақ болу қажеттігін ұғындырды.

Шара соңында бейнеролик көрсетіліп, семинар сұрақ-жауап түріндегі еркін отырысқа ұласты.

И. ЛЕБЕДЕВА,

Қарабұлақ орта мектебінің педагог-психологы

Сурет ғаламтордан алынды

Ескелді ауданы