АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: ТОҒЫЗ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 13.05.2019
Оқылды: 1171
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

"Алматы-Бішкек" автожолының 109-ншы шақырымында жантүршігерлік көлік апатынан 9 адам мерт болды. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлады.

Қайғылы жол апатында екі көлік соқтығысқан. "Lada" және "Toyota Camry" көліктерінің соқтығысуынан қаза тапқандардың үшеуі әйел адам. Марқұмдардың кім екені анықталды. Олар Алматы, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары. Алдын-ала болжам бойынша "Lada" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Сөйтіп, қарсы бағыттағы көлікке соқтығысқан.

Қазір аталған факт бойынша қажетті сараптама тағайындалды. Соталды тергеу ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілуде. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу барысы бақылауға алынғанын мәлімдеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"