ҚОРҒАНЫС: САЙДЫҢ ТАСЫНДАЙ 90 ЖІГІТ ӘСКЕРГЕ КЕТТІ

Уақыты: 21.05.2019
Оқылды: 1332
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғандағы «Жастар» саябағында әскерге шақырылған азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салуға арналған шара өтті.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы, подполковник Талғат Дәулетханов: «Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бізге аманаттаған елдің, жердің тыныштығын күзету енді өздеріңе жүктеледі. Жетісу өрендері білім-білігімен, жаужүректілігімен қашанда алдыңғы қатардан көрініп келеді және осылай қуатты толқындармен толыға бермек. Өздеріңе сенім білдіре отырып, сәттілік тілеймін», – деді.

Жалпы, облысымыз жыл сайын үш мыңнан астам азаматты әскер қатарына жібереді. Наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларының аралығында әр науқан сайын 1500-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.

Осы жолы әскер қатарына шақырылған тоқсан адам Жамбыл облысында орналасқан «Отар» әскери базасына бөлінді.

Серік ҚАНТАЕВ