КУРСАНТТАР ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

Уақыты: 18.06.2019
Оқылды: 967
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 1 курс курсанттары үшін емтихандар басталды.

Алғашқы мемлекеттік емтиханнан «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша ауызша әскери істегі радиотехника және инжиниринг взводының курсанттары өтті. Мемлекет деңгейіндегі сұрақтарда тәуелсіз Қазақстан тарихы мен елдің даму стратегиясы және Елбасының Жолдауы маңызды орын алды.

Мемлекеттік емтиханның төрағасы, институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Дархан Үмбетов курсанттардың емтихандарды сәтті тапсырып, жоғары нәтижелі білім сапасын көрсететініне сенім білдіретінін атап өтті.

- «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған бағалары курсанттардың дипломына енеді. Сондықтан, курсанттардың дайындықтары да жоғары. Оған қоса, егемен еліміздің тарихы болғандықтан сұрақтар күрделі, талап күшті", - деді өз кезегінде подполковник Дархан Үмбетов.

Аталмыш оқу орнында 1 курс курсанттарының жазғы емтихандары 27 маусымға дейін жалғасады.

Жанар ӘМІРЖАНОВА

Алматы қаласы