ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШЕН ТАПСЫРЫЛДЫ

Уақыты: 19.06.2019
Оқылды: 1139
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында Полиция күні аталып өтті.

"Басқарма түзел! Тік тұр!" Бұл айтылған пәрмен біз үшін таңсық болғанымен, сапта тұрған сарбаздар үшін күнделікті еститін сөзге айналған. Ортаға мекеме бастығы, полиция полковнигі Еділ Тілеуберлинов шығып, қызметтік міндеттерін кәсіби шеберлікпен атқарған қызметкерлерді құттықтады. «Старшина» шенін 6 қызметкер алып, 26 полицей Мақтау қағазымен, Алғыс хатпен марапатталды.

Жиында Еділ Әбілмәжінұлы жастарға әрқашан Отан алдындағы парызын адал атқаруларын, кез келген кездейсоқ  жағдайларға дайын болуларын талап етті. Шара соңында ардагер қызметкер Сапарғали Жаналиевтің үйіне барып, атқарған қызметі үшін басқарма атынан Алғыс хат және сыйлықтар табыстады.

Полиция подполковнигі Сапарғали НӘЖІМҰЛЫ: "Жұмыстарыңа тек табыс тілеймін. Өсе беріңдер. «Генерал болуды армандамайтын сарбаз болмайды» демей ме?  Мен 32 жыл Отанымның тыныштығы үшін қызмет атқардым. Еңбек жолымды тергеуден бастап, күзет бөлімінің бастығы лауазымын атқара жүріп, зейнетке кеттім. Бүгінде Алматы облысы МКҚБ ММ ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіндемін", – деп жұмысы жайлы аз-кем сыр бөлісіп, сақшыларға сәттілік тіледі.

Аймарал ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ