ЗАМАН КӨШІНЕН ҚАЛМАЙЫҚ

Уақыты: 18.07.2019
Оқылды: 778
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстанда тұратын әрбір ұлт  өкілі өз елінің   ұстанған саясатын қолдауы тиіс. Сонда ғана бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етеміз.  

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» атты мақаласында ел мен жерді сүю, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсетті. Бағыт-бағдар берді.  Бұл орайда, латын әліпбиіне көшуді  заман көшіне ілесу  деп білгеніміз жөн.

Латын қарпінің оқылуын, жазылуын және грамматикалық емле тәртібін үйренуді ертерек бастап, ұрпағымызға үйрету  алдымыздағы кезек күттірмес  мәселе.  Латын қарпімен  жазуға жауапкершілікпен қараған жөн.  Рухы биік  азаматтар елдің заман көшінен қалмауына атсалысуы керек. Латын қарпімен жазуды үйрену жасқа да, жасы үлкендерге де ортақ міндет.  

Біз, кітапхана қызметкерлері,  мекеме ішіндегі жазуларды, кітаптар жайлы жазбаларды латын қарпімен жазуға көшкенбіз. Керек жерде жеке адамдар мен мекемелерге де латын әліпбиімен жазуға көмектесеміз. Елдің ынтасы жақсы.  Талай ғасырлардан сыр шертетін тарихи  дүниелерлеріміздің көбі латын қарпінде жазылған.  Соларды әрқайсымыз оқи алатындай дәрежеге жетуіміз керек. Ендеше, латын қарпін жатсынбаңыздар.  

М. Есжанова,
Арасан ауылдық мәдениет үйінің әдіскері
Ақсу ауданы

Сурет ғаламтордан алынды