ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Уақыты: 02.06.2016
Оқылды: 2991
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Журналист және қайшылық. Бұл сөз бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі артқан сайын жиі қайталанып келеді. Кәсіби журналистің прак­ти­ка­­сында орын алатын түрлі қайшылықтардан шығу­дың бір­ден бір жолы – заң көмегіне жүгіну.

Осы мәселені ескерген халықаралық «Әділ сөз» сөз бостан­дығын қорғау қоры ҚР Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің тапсырысы бойынша респуб­ликаның әр аймағындағы журналистер, блогшылар мен азаматтық жур­налистика белсенді­лерінің басын қосып, Алматы қала­сындағы «Қазжол» қонақүйінде «Жур­на­листің құқықтық және мәдени этикасын жетілдіру» жөнін­де семинар-тренинг өткізді.

Семинарға қатысушылар екі күн бойы құқықтық және мәдени этикалық сауаттылықтарын жетілдіріп, ҚР Қыл­мы­с­тық және азаматтық кодексіне енгізілген соңғы өзгертулермен танысты. Бұл семинар «Сұрай бер және сұрай бер» деп ұран­дататын журналистер қауымы үшін заңдық білімін толық­тыруға таптырмас мүмкіндік берді.

Үйреніп, меңгеруге және жаңашылдыққа ынтық жастар се­­ми­нарда елімізге танымал құқық қорғаушы Ғалия Әже­но­ва, ардагер тележурналист Ұлдай Ибадуллаева мен құ­қық саласы маман­дарының дәрісін тыңдап, өз тарап­та­рынан түрлі сауалдарды ортаға салды. Семинар-тренингке қатысушылар заңдық сауаттылықты жетілдіру­мен қатар журналистік шеберлікті арттыру, дауыс ырға­ғын дұ­рыстау, ауызекі сөйлеудегі кемшіліктерді түзеу сынды бірқатар тілшіге ауадай қажет дүниелерден хабардар болды.

Өмірлік тәжірибесімен бөліскен кәсіби мамандардың тағы­лымды әңгімелерін тыңдап, құқықтық білімді тереңдету үшін түрлі жаттығулар орындаған семинарға қатысушы БАҚ өкілдеріне арнайы сертификаттар табыс­талды.

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА