КӨКСУ АУДАНЫ: СОТ СУДЬЯСЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 25.10.2019
Оқылды: 1286
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Балпық би кентінде Көксу аудандық сотының судьясы Гүлжазира Садабаева жергілікті тәртіп сақшыларымен, тұрғындармен арнайы кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтып өткендей рұқсат етілген митингке арнайы орын белгілеу, шағын бизнестегі салық мәселесі сөз болды.

Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Жолдауында елді толғандырған мәселелерге толық жауап берді. Мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелері сөз болған Жолдауды бүгінде талқылау жұмыстарымен қатар түсіндіру шаралары да жүріп жатыр. Балпық би кентінде өткен кездесу – осының бір көрінісі.

Модератор әрі негізгі баяндамашы болған Көксу аудандық сотының судьясы Гүлжазира Садабаева Президент Жолдауына жан-жақты тоқталып өтті. Өз кезегінде судья:

– Президент ел тыныштығы, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету турасында айт арнайы тапсырмалар берді. Арнайы міндеттер жүктеді. Ауданымызда бірқатар іс-шара қолға алынып, оның нәтижесін көріп отырмыз. Жақсы көрсеткішті үстемелей түсу үшін еңбектенуіміз қажет, – деді.

Кездесуде жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға қолданылатын жазаны қатайту шарасы да айтылды. Мемлекет басшысы  өз Жолдауында осы турасында да айтқан болатын.

Жиында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға нақты жауап берілді.

Қали АСҚАР

Көксу ауданы