БӘРІ ЕРЕЖЕ БҰЗҒАННАН: ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Уақыты: 11.11.2019
Оқылды: 1181
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жыл басынан бері облыс орталығы – Талдықорған қаласының көшелерінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 74 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 10 адам қаза тапты. Ал 76 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Осыған байланысты Талдықорған қаласының аумағында жол қозғалысын қамтамасыз ету, жалпы жолпы апатының алдын алу, халық көп шоғырланған және жаяу жүргіншілері өтетін инфраструктуралық кешендер мен жол өткелдерінде жол ережесін бұзған көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары өрбіді.

Полиция басқармасы бастығының 2019 жылғы 5 қарашадағы №157 бұйрығына сәйкес, Талдықорған қаласы аумағында қараша айының 7-9 күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерімен, мүдделі азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен бірлесе отырып, «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты алдын-алу іс шарасы өтті.

Іс-шара мақсаты – балалар мен басқа да жаяу жүргіншілерге жол жүру ережесін қатаң сақтауды түсіндіру. Тәртіп сақшылары Талдықорған қаласының тұрғындарынан және қала қонақтарынан жол жүру ережесін сақтауға шақырады. Ереже бұзған жаяу жүргіншілер және автокөлік жүргізушілері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көрсетілгендей тиісті жауапкершілікке тартылатынын жеткіземіз!

Талдықорған қаласының полиция басқармасы

Сурет ғаламтордан алынды