ҰЗЫНАҒАШ: ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАН ӨКІЛДЕРІ ШҰҒЫЛ ЖИНАЛДЫ

Уақыты: 14.11.2019
Оқылды: 1810
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті террорға қарсы бөлімінің арнайы ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының орталығы - Ұзынағаш ауылында оқу-жаттығулар өтті. Шұғыл жиналған шара терроризмге қарсы іс-қимылды қайта пысықтауға арналды.

Бұл туралы толығырақ "Тengrinews.kz" сайтында жарияланды. "Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы - Ұзынағаш ауылында терроризимге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Шұғыл жұмылдыруға тиісті командалар дер кезінде жиналып, қауіпті жағдайдың алдын алуға дайын екендіктерін көрсетті. Ұзынағаш тұрғындарынан түсіністікпен қарауын сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы