"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН": ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ СТУДЕНТ КӨМЕКШІЛЕРІ

Уақыты: 08.12.2019
Оқылды: 961
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының тәртіп сақшылары полицейлердің ерікті көмекшілері - «Жалын» жасағының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. "Жалындықтардың" қалауы бойынша еркін форматта өткен кездесуге тәртіп сақшылары, облыстағы жастар саясатының өкілдері, білім беру мекемелерінің ұстаздары мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Кездесу «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция шеңберінде ұйымдастырылды. "Жалын" жасағындағы облыс студенттері оқу процесімен қатар қоғамдық жұмыстың жауапкершілігін түсініп, белсенділік танытуда. «Жалындықтар» өз елінің патриоттары ретінде қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз етуге атсалысып, полицейлер тарапынан ұйымдастырылған 50-ге жуық іс-шарада белсенділік танытты. Бұл жайында Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өтті.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, облыс орталығындағы Политехникалық колледж студенттерінен құралған «Жалын» жасағы үзіліс кезінде оқу орны аумағында қандай да бір тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында арнайы кесте бекітіліп, кезекшілік жасалған. Сонымен қатар, «Жалын» жасағының мүшелері үшін кинологиялық және криминалистикалық қызметтердің күнделікті жұмысы қызығушылық тудыратыны айтылды. Алдағы уақытта ішкі істер органына қызметке орналасуға ниет білдірген «Жалын» өкілі болса, оған жеке мінездеме беру мәселесі талқыланды.

Кездесу соңында студенттерден құралған жасақ мүшелеріне «Жалын» атауына лайық болу, ел ертеңі патриот жастардың қолында екені түсіндірілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"