"ҮШ ҚАҒИДАТТЫ ҰСТАНДЫ": СИНГАПУР ЕЛІ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТОҚТАТТЫ?

Уақыты: 25.12.2019
Оқылды: 2026
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сыбайлас жемқорлық барлық елде таралған. Ол – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, еліміздің қауіпсіздігіне үлкен қатер.

Әрбір елге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың аймақтық әдістері тән. Мысалы, дамыған Сингапур елінің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі оң тәжірибесі біздің еліміз үшін құнды, себебі, біздің де менталитетіміз «азиялық» және бұл «цифрлық экономикасы» бар мемлекеттің тәжірибесі саналады.

Осылайша, сингапурлықтар сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін 3 қағидатты ұстанған. Бірінші қағидат – меритократия, яғни, мемлекеттік қызметке тек дарынды, білімді мамандарды алу. Екінші қағидат – прагматизм, яғни, өз еліне табысты жобаларды енгізу. Сингапурдың табысы үшінші негізгі факторға айналған. Үшінші қағидат – бұл мемлекеттік саясат жүйесіндегі адалдық, ашықтық. Осы үш қағидат арқылы Сингапур дамыған елдердің қатарына кіріп, сыбайлас жемқорлықты жеңіп шықты.

Сыбайлас жемқорлықпен күреске басқа да тиімді мысал келтіретін болсам, бұл Қытайдағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тай-цзи» деп аталатын сабақтар. Осы жоба бойынша Қытайда мемлекеттік қызметкерлерге арналған арнайы мектептер құрылуда. Осы мектептерде мемлекеттік қызметкерлерге медитация және Конфуцийдің оқулары арқылы пара алмауға көмектесетін тиісті дәрістер оқылады.

Менің ойымша, осы елдердегі бізге қажетті тәсілдерді пайдаланып, бірлесіп қызмет еткен жөн.

Арайлым МЫЛТЫҚБАЕВА,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы

Сурет ғаламтордан алынды