ТАЛДЫҚОРҒАН: ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРҒА ОЙЫНШЫҚ СЫЙЛАДЫ

Уақыты: 31.12.2019
Оқылды: 784
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Тәртіп сақшыларының бастамасына қолдау білдірген кәсіпкерлер мен жергілікті полицейлер Талдықорған қаласындағы Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығындағы балаларға Жаңа жыл мерекесіне түрлі ойыншық пен тәттілер табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық шарасына қаладағы «Склад  игрушек» ойыншықтар дүкені мен «Буржуй» мейрамханасы қатысып, аталған орталықтағы бүлдіршіндерге арнайы алып келген көз қызықтыратын ойыншықтар мен түрлі дәмді тағамдарын тарту етті.

- Жаңа жыл мерекесін кез-келген бала асыға күтетіні белгілі. Әлеуметтік орталықтағы 14 бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау туралы департаменттің ұсынысына қолдау көрсетіп, ұмытылмас керемет көңіл-күй сыйлаған «Склад игрушек» дүкенінің директоры Дина Лятиева мен «Буржуй» әкімшісі Юлия Качановаға алғысымызды білдіреміз, - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, осындай мерекелік сыйлықтар облыс орталығында орналасқан «Ана үйіндегі» 6 нәрестеге де табысталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы