ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖІГІТ 16-НШЫ ҚАБАТТАН СЕКІРМЕКШІ БОЛДЫ

Уақыты: 08.01.2020
Оқылды: 886
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен жүйелі жұмысының арқасында өзіне-өзі қол салмақшы болған 24 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны құтқарылды.

Қаңтардың 6-на қараған түні облыс орталығының полиция басқармасына салынып жатқан 16 қабаттық құрылыстан ер адам секірмекші екені туралы хабар түскен. «Қаратал» шағынауданына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы азаматтың тұлғасын анықтап, қайғылы жағдайдың алдын алу шараларын жасады.

- Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы тұрғынның отбасылық жағдайына қатысты талаптарын тыңдады. Сол жерге жігіттің жақындары шақырылып, оның қауіпсіз жерге өтуі қамтамасыз етілді. Сараптама нәтижесі бойынша оның масаң күйде екені анықталды, - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Алдын ала тергеу бойынша азаматтың отбасылық түсініспеушіліктен кейін құрылыстың ең биік тұсына шыққаны белгілі болды. Қала полицейлері азаматқа түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, оны үйіне жіберді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды