"ІЗДЕУГЕ ШЫҚТЫ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ОҚУШЫ ҚЫЗ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

Уақыты: 22.01.2020
Оқылды: 944
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданының екі оқушы қызы Ару БЕКБЕРДІ мен Талшын ҚЫЗЫРБАЙ бір тәуліктен бері табылмай жатыр.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні кешкі уақытта Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, оралмағаны туралы хабар түседі.

«Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елді мекендер тексеріліп жатыр. Іздестіру жұмыстары Талдықорған мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған, Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылған» - делінген хабарламада.

Жоғалған қыздардың фотосуреттері мен белгілері барлық полиция бөлімшелеріне жіберіліп, әлеуметтік желілерде орналастырылған. Желі арқылы таралған ақпаратта көрген-білгендерге 87778166463 телефон нөміріне хабарласу туралы айтылған.

"ҚАЗАҚПАРАТ"

Ескелді ауданы

Алматы облысы