"БІРАЗ ПРОБЛЕМА БАР": "ҚОРҒАС" ОРТАЛЫҒЫ ЖУЫҚ АРАДА АШЫЛМАЙДЫ

Уақыты: 17.02.2020
Оқылды: 815
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Короновирус індетіне байланысты «Қорғас» орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды. Қытайдың тауары саудаланатын жер енді ақпанның соңына дейін істемейді. Бұл жайында "Қазақпарат" хабарлады.

- Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қорғас» халықаралық шегара маңы ынтымақтастық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды. Осы жайтқа байланысты енді уақыт мерзімі ақпанның соңына дейін ұзартылды. Айта кету керек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес бұл уақыт аралығында «Қорғас» ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығына белгілі, ол жерде біраз проблема бар. Онда келіп-кететін адамдардың көптігі салдарынан кептеліс туындап, түрлі қиындықтар болатыны айтылған еді. Қазір «Қорғас» орталығының жаңа басшысының алдында өткелді жаңғырту тапсырмасы тұр, - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қорғас» орталығының 15 ақпанға дейін жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"