АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕРГЕУШІЛЕРДІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Уақыты: 08.04.2020
Оқылды: 967
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ағымдағы жылдың сәуір айында еліміздің ішкі істер органдарындағы тергеу бөлімшелерінің құрылғанына 57 жыл толды. Осыған орай Алматы облысының полициясы тергеу басқармасының барлық қызметкерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жайлы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Тергеушінің жұмысы – өте маңызды және жауапты қызметтердің бірі. Қылмыстық істің нәтижесі тергеушінің кәсіби шеберлігіне тығыз байланысты. Ең бастысы, оның жұмысы адамның тағдырына тікелей ықпал етеді. Құқықтың пайда болу сәтінен бастап, барлық ғасырларда қылмысқа қатысы бар күдіктінің кінәсін толық дәлелдеу талап етіледі. Осы мақсатта іс бойынша деректерді жинау, оларды жүйелеу - тергеушілердің негізгі міндеті болып табылады. Ақиқатқа қол жеткізетін тергеушінің күнделікті әрі тынымсыз еңбегі шыдамдылықты, ұқыптылықты және өзге де  қасиеттерді талап етеді, - дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болат Теңізбаев.

Тергеуші мамандығының қызығымен қатар өз қиындықтары да бар. Соған қарамастан, бұл мамандықты ерлер мен қатар нәзік жандар да игеріп, қызметтерін мүлтіксіз атқаруда. Қазіргі таңда Алматы облысында 240-тан астам тәртіп сақшысы қылмыстардың қыр-сырын анықтауда аянбай еңбек етіп жүр. «Алматы облысы полиция департаменті басшылығының атынан барлық ішкі істер органы ардагерлерін және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін, әріптестерімді тергеу органдарының құрылуына 57 жыл толу кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Барлығына денсаулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тілеймін», - деп толықтырды полковник Болат Теңізбаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"