ШАМАЛҒАНДАҒЫ АПАТ: СТАНСЫ КЕЗЕКШІСІНЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Уақыты: 28.04.2020
Оқылды: 853
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Шамалған теміржол өткелінде болған апатқа байланысты үкім шығарды. Сот пойыз бен автобустың соқтығысына кінәлі адамға жаза кесіп, істі аяқтады.

"Tengrinews.kz" тілшісінің ақпаратына сүйенсек, апат кезінде қызмет атқарған стансы кезекшісіне 3 жыл, 6 ай шартты түрде үкім кесілген. Бұл ақпараты Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, 2019 жылы 15 қыркүйекте Алматы облысының Шамалған стансысында жолаушылар автобусымен пойыз соқтығысқан еді. Автобуста 20 адам болған, оның 16-сы салоннан шығып үлгерген. Автобус жүргізушісі қаза тапқан. Бір жолаушы мен екі бала көліктен шыға алмай қалған. Апаттан соң ұзақ уақыт бойы олардың денсаулық жағдайы оңалмаған. Кейін автобус жолаушылары жүргізушінің есікті ашып, адамдарды шығара бастағаны, бірақ өзі соңына дейін көлік тізгінінде қалғаны айтылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы