ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Уақыты: 29.04.2020
Оқылды: 953
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында полиция қызметкерлері кезекті рет көпбалалы отбасына көмек қолын созды. Бұл жайында Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер балаларды кәдесыйлармен, ойыншықтармен қуантты, ал көпбалалы анаға азық-түлік себетін сыйлады.

Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету жөніндегі ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген науқанын Талдықорған қаласының полиция басқармасының қызметкерлері де қолға алды. Осылайша, тергеушілер мен анықтаушылар көпбалалы отбасылардың біріне азық-түлік тауарлары түріндегі материалдық көмек көрсетті.

- Еліміз үшін қиын сәтте, ауырлық, әсіресе, аз қамтылған азаматтарға түсетінін түсініп, біз оларға азық-түлік себеті түріндегі шағын қолдау көрсетуге шешім қабылдадық. Қаладағы шағынаудандардың бірінде 4 баланың анасы тұрады. Олардың ішінде мүгедек бала да бар. Біз қолда бар қаражатқа азық-түлік сатып алып, сол арқылы мұқтаж анаға көмектесуді ұйғардық, - дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сағыныш Абдраимов.

Өз сөзінде азаматша қала полицейлеріне олардың қамқорлығы мен назары үшін шынайы алғысын білдіріп, олардың  еңбектеріне табыс тіледі. Полицейлерде бір отбасыға аз да болсын көмек қолын созып, қолдау білдіргендеріне риза.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"