"БҮКПЕЛЕУ ЖОҚ": МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ АШЫҚ АТҚАРЫЛАДЫ

Уақыты: 12.05.2020
Оқылды: 1128
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс.

Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық. Бүгінде мемқызметшілердің атқарып жатқан жұмыстары ашық, ешқандай бүкпелеу, тықпалау жоқ. Мемқызметшіні халықтың өзі де толық бақылап отыра алатын жағдай бар бүгінде. Технология дамыған заман, қабылдау телефондары тынымсыз жұмыс жасап тұр. Сондықтан, халық пен билік арасы алшақ деп айта алмаймыз. Керісінше өте жақын, біте қайнасып жұмыс атқарылуда деуге толық негіз бар.

Халықпен жұмыс жүргізу оңай емес. Әртүрлі мінезді, әртүрлі ойлы азаматтар бар. Бірақ біз бәрін тыңдауымыз керек, түйткілді мәселелерді шеше алсақ өзіміз шешіп, біздің құзыретімізге жатпайтын болса, құзырлы органға жіберіп жатамыз. Әрине, айтып кеттім, халықтың арасында аласы да, құласы да бар. Ол заңды. Мемқызметшінің ең басты қағидасы да солардың бәрімен бірдей мәмілеге келіп, тіл табыса білу. Мәселенің оң шешім табуына ықпал жасау. Кейде тұрғындар өз міндеттерін түсінбей, барлық жұмысты біздің мамандарға артып қоятын жағдайлары да болады. Кейбіреулердің көзқарасы сондай, 100 жақсылықтың 1-уі орындалмай қалғанның өзінде орындалған 99 пайызына рахмет айтпай, белгілі бір себептермен бітпей қалған 1 пайызы үшін шағымданып жататындар да кездеседі. Ондай сәттерде, әрине, қиындау. Бүгінгі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артқан. Себебі, білікті де білімді мамандар жетерлік.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік қызмет толығымен жаңартылып, заман ағымына орай реформаланды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізді. Осы аталған тұжырымдаманы іске асыру тетігі – мемлекеттік қызмет. Оның сапалы көрсетілуі арқылы біз біршама жетістікке жетеміз. Қай мемлекеттік органды алсақ та олардың міндеті – халыққа қызмет көрсету. Жалпы, мемлекеттік қызмет адам өмірге келген сәтінен бастап өмірден өткен кездің аралығында пайдаланады. Мысалы, адам өмірге келгенде туу туралы куәлін, әлеуметтік көмектерін  кейін жеке куәлігін иеленеді.

Мектеп, жоғары оқу орнына түскенде тіпті, дүниеден қайтқанда да оның қайтыс болуы туралы құжаты да мемлекеттік қызмет арқылы алынады. Сол үшін адам мемлекеттік қызметті үнемі пайдаланады.

Республика көлемінде 694-ден мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның 383 түрі Алматы облысында көрсетіледі. Біздің негізгі мақсатымыз – мемлекеттік қызметтің атқарылуын тікелей бақылау. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 2013 жылы қабылданды. Бірінші құзырымыз – бақылау. Мемлекеттік қызмет болғандықтан оның тәртібіне, заңдылығына, қандай құжат қабылдау, қандай құжат ұсынуды қадағалап, бақылу жүргіземіз. Қазастан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы олысы бойынша департаментінің алға қойған мақсаты тек бақылау функциясымен шектелмейді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін арттыру мақсатында көп жұмыс атқарылды.

Елбасының Халыққа жолдаған Жолдауында мемлекеттік қызметті электронды түрге өткізу 2020 жылы 90 пайызға жету керек делінген.Осы бойынша Елбасы нақты міндет қойды. Осыны алға тартқан Алматы облысы бойынша электронды қызметке ауысқан мемлекеттік қызметтер түрін халыққа түсіндіру, насихаттау, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруда көптеген шаруаатқарып келеді. Заңмен бұл біздің жұмыстың құзіреттілігіне бекітілмесе де, біздің еліміз, жеріміз, облысымыз болған соң бәріміз бірге қызмет етуге міндеттіміз.

Мемлекеттік қызмет еш қиындықсыз электронды түрге көшіп келеді. Бұл туралы ауыл, аудан, қалаларда түрлі семинар, тренинг, жиындар өткізіліп, ақпарат құралдарына кеңінен насихатталуда.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметті ашықтық, деңгейде жүргізіп келеді. «Сервистік әкімдік» пилоттық жобасы да мемлекеттік қызметтің сапалы әрі тез іске асуына бағытталған. Бұл жоба алғаш рет Қаратал ауданында іске қосылды.

Жобаның мақсаты – халық жиі тұтынатын қызмет түрлерін бір орынға шоғырландыру. Аудандық білім, жер қатынастары, әлеуметтік, сәулет және құрылыс бөлімдерінің жауапты мамандары бір жерге шоғырланып, ашық түрде халыққа қызмет көрсетеді. Қызмет алуға келген халыққа да барлық жағдай жасалды. Олардың кезек күтіп отырғанда жайлы әрі ыңғайлы болулары үшін жиһаздар,  ақпараттық тақталар, таза ауыз судың болуы тікелей қарастырылды.

Бұл жоба арқылы кабинеттік жүйеден айырылуды көздедік. Қазіргі таңда облыс бойынша бес ауданда бұл пилоттық жоба іске қосылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың, департамент басшысы Серікбай Өрікбайұлының қолдауымен іске асқан жобаны Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев көрді. Мелекеттік қызмет көрсетудегі бірыңғай жоба бүгінгі таңда Алматы облысының бастамасымен республика көлемінде іске асуда. Бұл біздің үлкен жетстігіміз.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қанағаттандыру деңгейін арттыру үшін бекітілген жоспар бойынша ілкімді істер атқарып келеміз. Әлемдік тәжірибеде қанағаттандыру деңгейінанықтау әлеуметтік зерттеуарқылы жүргізіледі. Жыл сайын республика деңгейінде зерттеу жүргізіледі. 2018 жылы облыс бойынша халықтың қанағаттану деңгейі 56 пайызды құрады. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 69 пайызға жетті. 100 адамнан сауалнама алағанда 69 адам толық қанағаттанған. Олар ешқандай да бюрократиялық көзқарастың жоқтығын, сыбайлас жемқорлық көзқарасының орын алмағандығын, мемлекеттік қызметші артық құжат талап етпегенін айтады. Ендігі мақсат осы қанағаттандыру деңгейін 2020 жылы кемінде 80 пайызға жеткізу.

Департамент басшысы Серікбай Өрікбайұлының тікелей бастамасымен облыс әкімі Амандық Баталовқа барлық аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік көрсететін қызметке ішкі бақылау бөлімдерін құру бойынша ұсыныс білдірілді.Республика деңгейінде біздің облыс бұл жүйені бірінші құрды. Білікті мамандар жұмысқа орналасты. Халықпен кері байланыс орнатудың оңтайлы тәсілін күшейттік. Халық сұранысы артуда. Олардың пікірі, ойы біз үшін маңызды. Соған байланысты халыққа қазір мемлекеттік қызметті сапалы, уақытылы жауап беру керек.

«Онлайн орта» пилоттық жобасын алғаш рет енгізіп жатырмыз. Қазіргі таңда Қарасай ауданында іске қосылды. Ауқымды деңгейде іске асырмадық. Себебі, жобаның даму барысын қадағалап отырмыз. Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округі толықтай «Сервистік әкімдік» жобасына ауысты. Сонда азаматтардың өзіне-өзіне қызмет көрсету бұрышы құрылды. Қарапайым камера орнатылды. Аудан әкімі мен аудандық бөлімдер басшыларына халық сұрағын тікелей қоя алатын мүмкіндікке ие болды. Аудан әкімдері мен бөлім басшылары күнде халықты қабылдай алмайды. Бұл арнайы Заңда, жоспар бойынша бекітілген. Ал бұл жоба аясында аудан тұрғындарына арналған кесте бекітіп,сол арқылы сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуларына ыңғайланып жасалған. Аудан әкіміне болмаса бөлім басшыларына ғаламтор байланысы арқылы сұрақ қояды. Осылайша, жұмысын жеңілдету арқылы уақытылы әрі тез мемлекеттік қызметке ие болады.

Халыққа мемлекеттік саясатты дұрыс жеткізе білу керек. Егер мемелекеттік саясат дұрыс жетпеген болса, халық тарапынан наразылық туындайтыны анық. Қолжетімсіз ақпараттың кесірінен халық мемлекеттік қызмет алуды түсінбей қалады. Бұл жобаның мақсаты – халық пен билік арасына еркін әрі кері байланыс орнату. Наурыз айына дейін Қарасай ауданында бұл жоба іске асады, кейін облыс көлемінде де жүзеге асатын болады. Биыл «Еріктілер жылы». Осыған орай облыстағы 500 еріктіден қралған «Egov жаршысы» пилоттық жобасын іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз.

2008 жылы Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы лауазымына мемлекеттік қызметке орналастым. Кейін аталған бөлімнің бас маманы қызметіне ауыстым. 2011 жылдан бастап Алматы облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы қызметіне ауысып, біраз тәжірибе жинадым. Кейін туризмді дамыту бөлімінің басшысы болғанымда жиған тәжірибемді, білімімді ұштастырып, абыройлы еңбек етуге тырыстым. Одан кейін де, осы басқармада ұйымдастыру - құқық бөлімінің басшылығында, «Жетісу» кәсіпқой футбол клубы директорының орынбасары, Талдықорған қалалық ипподромы директорының орынбасары қызметін атқардым.

2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Републикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына бас маман лауазымна қызметке келдім.

Қазір уақытта Қазастан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы олысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысымын. Біздің басқарма тың жаңалық енгізуші басқарма ретінде тарихқа енді. Осы саладан алған тәжірибем өміріме үлкен сабақ болары анық. Жалпы, мемлекеттік қызмет жас мамандарға тәртіпті үйретеді. Жеке уақытыңды жоспаралауға дағдыланасың. Жас маман халқына қызмет етуде, ауыл, аудан, қаласына, Отанына пайдасын тигізсем деген оймен мемлекеттік қызметке келеді деп ойлаймын. Өз басым осындай мақсат ұстанамын. Бірақ бәрін білдім, толдым деуден аулақпын. Ең бастысы халықтың сенімін ақтау – біздің міндет екенін ұмытпаймыз.

Жеңіс АНДАБЕКОВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы олысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы

Сурет - ғаламтордан