ТАЛДЫҚОРҒАНДА БІРНЕШЕ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Уақыты: 15.05.2020
Оқылды: 890
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Талдықорған гарнизоны №18404 әскери бөлімі» РММ командиріне, әскери бөлімнің тыл орынбасарына және тамақтану қызметінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Лауазымды тұлғалар Талдықорған гарнизонының әскери бөлімінде тамақтану қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пара алды деген күдікке ілінді.

- Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, «Талдықорған гарнизоны №18404 Әскери бөлімі» РММ командиріне, әскери бөлімінің тыл орынбасарына және тамақтану қызметінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Лауазымды тұлғаларға келу туралы міндеттеме алуына байланысты процестік ұстау шарасы қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, - делінген Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "Қазақпаратқа" берген хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан