КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІН ПЫШАҚТАҒАН ЖІГІТ КІНӘСІН ТОЛЫҚ МОЙЫНДАДЫ

Уақыты: 18.05.2020
Оқылды: 939
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Алматы-Өскемен автожолының 159 шақырымында (Кербұлақ ауданы, Сарыөзек) Қарашоқы ауылының тұсында Жамбыл ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Жүргізушіні бірнеше рет пышақтаған күдікті оның автокөлігін мініп, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтап, ұстады.

- Алматы қаласының 1998 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді. Ең алдымен зардап шегушінің көлігі Сарыөзек кентінің маңында алдыңғы дөңгелегі жарылған күйде табылды. Бірнеше сағат өткен соң қарақшылық жасады деген күдікке ілінген азамат Үштөбе қаласында қолға түсті. Ол кінәсін толық мойындады, - деді Кербұлақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Ербол Айтқалиев.

Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы анықталады. Ұсталған күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"