ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ТӨРТ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 21.05.2020
Оқылды: 1012
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданында көлік апатынан 4 адам мерт болды. Оның үшеуі оқиға орнында жан тапсырған.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Алматы-Есік тасжолында болған. «Ravon Nexia» көлігін тізгіндеген 1993 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Chevrolet Cruze» көлігіне соғылған. Оқиға орнында «Ravon Nexia» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жан тапсырды. «Chevrolet Cruze» жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Аталған фактіге ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы, 4-і бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Алматы облысы