ҚАПШАҒАЙДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ТӨРТ ЖАСАР БҮЛДІРШІН АМАН-ЕСЕН ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 25.05.2020
Оқылды: 939
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қапшағай қаласының полицейлері жоғалған 4 жасар бүлдіршінді іздеп тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Бір сәтке кішкентай қызын көзінен таса қылып алған анасы одан көз жазып қалам деп ойламаған.

- Әйел өз бетінше іздеуді бастаған, алайда еш нәтиже шықпаған. 2-ықшамауданды патрульдеп жүрген "Бүркіт-258" патрулі шарасыз қалған ананы байқап, бүлдіршінді іздестіруді өз қолдарына алған. Нәтижесінде, бір сағат ішінде қыз көрші шағынаудандағы жол бойынан табылды. Кішкентай Айша аман-есен анасының қолына табысталды, - дейді Қапшағай қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Манат Айтмұханбетов.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы қараудың жөн екенін және мұқият болуды ескертеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"