ҚЫТАЙ АЗАМАТТАРЫНАН ПАРА АЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

Уақыты: 29.06.2020
Оқылды: 890
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында Қытай азаматтарына ықтияр хат әперемін деп пара алған мемлекеттік қызметші жазаға тартылды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

- Алматы облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А.Тоқтамұратұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Қытай Халық Республикасының төрт азаматына (Б.Дәулет, Г.Түсіпәлі, Б.Бақдәулет және А.Бақдәулетке) Қазақстанда тұруға ықтияр хат беру үшін шенеуніктерге жеткізу сылтауымен 80 мың теңге қаражат алған, - деді Д.Бигайдаров "Facebook" парақшасында өткен онлайн брифингте.

2020 жылдың 11 маусымында Алматы облысы, Ескелді аудандық сотының үкімімен А.Тоқтамұратұлы 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (800 мың теңге көлемінде) айыппұл төлейтін болды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

"ҚАЗАҚПАРАТ"