ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДИПЛОМ АЛДЫ

Уақыты: 03.07.2020
Оқылды: 1283
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қапшағай қаласына қарасты, Заречный ауылындағы ЛА-155/14 түзету мекемесінде орналасқан кәсіптік колледжін бітіруші 66 жазасын өтеушіге мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылды. Бұл рәсімді кәсіптік колледж директоры  Берік Баилов орындады.

Ағымдағы жылдың  наурыз айынан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты колледж қағаз жүзінде тасымалдап оқыту жүйесіне көшірілген еді. Сондықтан  колледж ұжымы мен мекеме қызметкерлері өзара байланыс жасап, кәсіптік білім алушыларға әр түрлі тапсырма беріп отырды. Тапсырмалар оқу бағдарламасына сәйкес тест, тірек-сызба, кестелер  түрінде орындауға қолайлы әрі ыңғайлы дайындалды. Нәтижесінде арнайы білім алушылар автокөлік жөндеу механигі, слесарь, электр және газбен дәнекерлеуші, сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы және тігінші мамандықтары бойынша біліктілік емтихандарын тапсырды. Аттестациядан өткен студенттерге дипломдар тапсыру кезінде барлық қауіпсіздік шаралары ескеріліп, санитарлық талаптар,  ара қашықтықты сақтау, бетперде тағу, антисептиктер пайдалану толық орындалды.

 Алмагүл Ашова,
ЛА-155/14 мемлекеттік мекемесінде
сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы
Әділет майоры