ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ 49 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМҒА ІЗДЕУ САЛДЫ

Уақыты: 15.08.2020
Оқылды: 749
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полиция өкілдері хабар-ошарсыз жоғалған 49 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр.

Талғар аудандық полиция басқармасы 1971 жылы туған Хамит Анасұлы Мингазовқа іздеу жариялады. Ол биыл 25 маусымда Талғар ауданының Бесағаш ауылында орналасқан «Петрол Азия» жанармай бекетінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Жоғалған тұлғаның белгілері: бойы 175-180 см, орташа денелі, көзі көк, шашы қара бұйра, аз ғана мұрты бар. Үстінде қара түсті джинсы, түсі ақшыл жейде, аяқтарында қара аяқ киім, алтын түстес жазуы бар қара қалпақ киген.

Ақпарат бергендерге құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Іздеу жарияланған тұлғаның мекенжайы немесе ол туралы қандай да ақпарат білетін адамдар 8(7282)600-232, 600-233 телефондарына немесе Талғар аудандық полиция басқармасына 8(727)295-61-05, 95-63-96 телефондары бойынша хабарласуын сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"