САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАН КӘСІПКЕР БЕС ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Уақыты: 16.09.2020
Оқылды: 924
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі жазды.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған компания басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.

Тергеу барысында бір тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды. Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйымдар атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған.

- Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд.635 млн.теңге сомасында материалдық залал келтірілді. Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы, 3-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ, басқа да ұйымдарда лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген аталған комитет хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан