ТӨРТ АЙДА ТОҒЫЗ РЕТ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН ӘККІ ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 20.09.2020
Оқылды: 1145
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданына қарасты Кеңдала, Ақтас, Бесағаш және Ават ауылдарының аумағында осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеке меншік үйлерде 9 ұрлық дерегі орын алған, тағы екеуі ақпан және маусым айларында жасалған. Қылмыс жасау тәсілі мен ұрланған заттарға сәйкес, тәртіп сақшылары оларды бір адам жасаған деген қорытындыға келді.

Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

- Негізінен, жеңіл ақшаны жақсы көретін азаматтың үйге енудегі сүйікті әдісі - терезе арқылы болған, алайда кей жағдайларда ол ашық есіктер арқылы да үйлерге кірген. Ол барлық құнды заттарды, ақша, алтын бұйымдар, теледидарлар, спирттік өнімдер, тамақ өнімдерін және телефондарды қолды қылған. Ұрланған бұйымдардың қатарында дәнекерлеу аппараты да бар, - дейді Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Андрей Бурьянский.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары Еңбекшіқазақ ауданының 41 жастағы, бұрын бірнеше рет сотталған, еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынының ізіне түсті. Нәтижесінде, күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Кейбір құнды бұйымдар табылмады, бірақ оларды үшінші белгісіз тұлғаларға сатқан, ұрланған затты сатып алған куәгерлердің айғақтары бар. Айналасындағы ауылдардың тұрғындарына тыныштық бермеген ұрыны құрықтағаны үшін жәбірленушілер полицейлерге шын жүректен алғыстарын білдірді. Күдікті ұсталғаннан кейін ұрлық саны күрт азайған.

- Жеке басын, соттылығының болуын, жасалған қылмыстардың санын, келтірілген залалдың өтелмеуін ескере отырып, күдіктіге сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның басқа да осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру бойынша жұмыстар жалғасуда, - деп толықтырды полиция полковнигі Андрей Бурьянский.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"