Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫДА ЖУРНАЛИСКЕ ШАБУЫЛ ЖАСАП, ТҰНШЫҚТЫРҒАН БҰЗАҚЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 27.09.2020
Оқылды: 397
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы полицейлері журналист Алима Пардашеваға шабуыл жасап, оны тұншықтырған ер адамды ұстады. Бұл жайлы Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алима Пардашеваға шабуыл жасаған ер адам қарақшылық пен ұрлық үшін алты рет сотталған болып шықты. "Ұсталған ер адамның Медеу және Бостандық аудандары аумағында осыған ұқсас кемінде бес қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді құқық қорғау органдары өкілі.

Еске салайық, Алматы барларының бірінде белгісіз біреу журналист Алима Пардашеваның телефонын тартып алмақ болғаны туралы ақпарат тараған еді Ер адам өзін бардың күзет қызметінде жұмыс істейтінін айтқан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"