"ТЕЛЕФОННАН ТОК СОҚҚАН": ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ОН БЕС ЖАСАР ҚЫЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 29.09.2020
Оқылды: 1430
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жамбыл ауданында 15 жастағы оқушыға қуаттағышта тұрған телефоннан ток соғып, мерт болды.

Қайғылы жағдай Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде орын алған. «Қайғылы жағдай түнгі сағат 22:00 шамасында болған. Ток соғу салдарынан 15 жастағы тұрғын мерт болды. Алдын ала болжам бойынша, қыздың ұялы телефоны қуаттағышта тұрған. Қазір арнайы сараптама тағайындалды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан