ОБЛЫС ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АПТА САЙЫН АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАЙДЫ

Уақыты: 11.10.2020
Оқылды: 1496
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысындағы 20 аудандық полиция бөлімінің бастықтары азаматтарға тағы бір қадам жақындай түсті. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру шеңберінде аудандық полиция бөлімі бастықтарының әлеуметтік желідегі парақшалары іске қосылды.

Апта сайын сәрсенбі күні қолданыстағы аккаунттар арқылы аудандық полиция бөлімі бастықтары азаматтарды онлайн қабылдайды.

- Халыққа қолжетімділікті, ашықтықты, жеделдікті және тиімді өзара іс-қимылды жария ететін қазіргі заманғы қазақстандық полицияның ең өзекті міндеттерінің бірін іске асыру мақсатында қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің барлық бастықтары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашты. Енді менің тапсырмам бойынша әр сәрсенбі күні азаматтармен тікелей желіге шығып, өз аудандарының тұрғындарын онлайн режимде жеке қабылдайтын болады. Менің ойымша, енді облыстың әрбір азаматы бюрократиялық тосқауылдарды айналып өтіп, өз мәселелерімен аудандық, сондай-ақ, облыстық полиция бастықтарына тікелей жүгіне алады, - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерлерінің қабылдаулары мен онлайн-эфирлері өткізілетін төмендегі сілтемелерді көрсетті (аты-жөнін үстінен басыңыз):
- департамент бастығы, полиция генерал-майоры
Күдебаев Серік Мырзақұлұлы;
- Талдықорған ҚПБ бастығы, полиция полковнигі
Нұрсапа Асқар Серікұлы;
- Қапшағай ҚПБ бастығы, полиция майоры Айтмұханбетов Манат Төлегенұлы; 
- Текелі ҚПБ бастығы, полиция подполковнигі
Садықов Ұлан Ғабитұлы;
- Алакөл АПБ бастығы полиция подполковнигі Оспанов Қуат Оспанұлы;
- Ақсу АПБ бастығы полиция подполковнигі Байзолда Әділмұрат Әбілғазынұлы;
- Балқаш АПБ бастығының м.а. полиция подполковнигі Абиров Нұргелді Қарамедиевич;
- Еңбекшіқазақ АПБ бастығы полиция полковнигі Сейілханов Талғат Айтбекұлы
- Ескелді АПБ бастығы полиция подполковнигі
Құдайбергенов Жанат Қуанышұлы
- Жамбыл АПБ бастығы полиция полковнигі
Тегенбаев Асхат Жайықұлы;
- Іле АПБ бастығы полиция полковнигі
Күштібаев Марат Әлімқұлұлы; 
- Қарасай АПБ бастығы полиция подполковнигі Тотыбаев Болат Бақытжанұлы; 
- Қаратал АПБ бастығы полиция подполковнигі
Абдраимов Рауан Әбдімәжитұлы:
- Кербұлақ АПБ бастығы полиция подполковнигі
Ахметкалиев Ербол Айтқалиұлы; 
- Көксу АПБ бастығы полиция подполковнигі Гимадиев Рамиль Райфович;
- Панфилов АПБ бастығы полиция майоры Омаров Айдар Әбдікермұлы;
- Сарқан АПБ бастығы Самбеталинов Елтай Сәбитұлы;
- Кеген АПБ бастығы полиция подполковнигі
Уркінбаев Ерлік Стамшалұлы
- Талғар АПБ бастығы полиция полковнигі Қасым Ерлан Мырзаханұлы:;
- Ұйғыр АПБ бастығы полиция полковнигі
Сабуров Шыңғысхан Абдрахманұлы;
- Райымбек АПБ бастығы полиция полковнигі
Нұрдәулетов Мұрат Нұрғаипұлы.

«Осылайша, біз халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, елеулі өзгертуді көздейтін жұмыстың жаңа моделіне жоспарлы түрде көшудеміз», - деп толықтырды Алматы облысының бас полицейі Серік Күдебаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан