ТАЛҒАРДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Уақыты: 13.10.2020
Оқылды: 793
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар қаласында бүгін терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр.

«13 қазанда Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратында терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, сабыр сақтауын сұраймыз», - делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтермен жауынгерлік жағдайда өтуде. Іс-шараның мақсаты-терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"