ЕСІК ҚАЛАСЫНДА АТЫ-ЖӨНІН АЛТЫ РЕТ ӨЗГЕРТКЕН АЛАЯҚ ҚЫЗ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 26.10.2020
Оқылды: 1025
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне Есік қаласы мен жақын жатқан елді мекендердегі дүкен сатушылары жүгініп, алдау жолымен сенімге кіру арқылы түрлі маркалы темекі блоктарын қолды қылып, қайта сатқан бейтаныс әйелге қатысты арыз жазды. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеушілердің анықтауы бойынша ол тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар, ол еш жерде жұмыс істемейді.

Күдікті барлық алты алаяқтық дерегін мойындады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне мына телефондар арқылы жүгінуге болатындығын хабарлайды: 8(72755)41494, 40116. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3, 4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"