ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘСКЕРИ БИЛЕТ "САТЫП АЛМАҚШЫ" БОЛҒАН БАСШЫҒА ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Уақыты: 31.10.2020
Оқылды: 1167
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" мекемесі Талдықорған өңірлік филиалы басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Филиал басшысы пара бермекші болған.

- Ол 2020 жылғы 26 қазанда оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беруге оқталу бойынша күдікке ілікті. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері zakon.kz сайтына берген сұхбатында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"