ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ДА ЕНГІЗІЛЕ БАСТАДЫ

Уақыты: 24.11.2020
Оқылды: 1165
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандарты болып табылады.

Стандарт ұйымдарға халықаралық деңгейде мойындауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізген кез келген ұйым "Парасатты компания" мәртебесін алады.

ISO 37001 стандартының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша озық халықаралық практика негізінде әзірленіп, 2016 жылғы 15 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымымен (ISO) жарияланған.

Стандарт талаптарды белгілейді және ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтиды.

Әлемдегі ең ірі компаниялар осы стандарт бойынша халықаралық сертификаттауға ие (Microsoft, Walmart, Sberbank және басқалар).

Мемлекеттік сектор ұйымдары да осы стандартты енгізуге тырысады. Мысалы, Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы әлемдегі алғашқы құқық қорғау органдарының бірі болып, өзінің парақорлықпен күрес жүйелерінің ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына толық сәйкестігін растады.

Қазақстан Республикасында бұл стандарт әлі кең таралмаған. Алайда ағымдағы жылдың қараша айында Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қолдауымен Алматы облысы ішкі саясат басқармасының Талдау және болжамдау орталығы Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері мен ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарын басшылыққа ала отырып, парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін енгізе бастады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу бойынша сарапшылар ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшылық қоғамдастығы тартылды.

Алматы облысының Талдау және болжау орталығында озық халықаралық тәжірибені енгізу Қазақстандағы мемлекеттік ұйымдағы алғашқы тәжірибелердің бірі болып табыладтындығын айта кету керек.

Бір қызығы, ISO 37001 жүйесі ұйымды басқарудың бұрыннан бар процестеріне қайшы келмейді және, соның ішінде, ISO 9001-ге оңай енетін факті болып табылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"