АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ПОЛИГОНДА ЖАУЫНГЕРЛІК АТЫС ӨТІП ЖАТЫР

Уақыты: 25.01.2021
Оқылды: 928
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы аумағындағы «Іле» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары өтіп жатыр. Бұл жайында "Жетісу" газеті Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.

Жаттығу барысында тәжірибе жүзінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің жаңа тәсілдері қолданылуда. Жауынгерлiк атыс кезінде түтін мен бүркемелеу әдістері жүзеге асады. Сондай-ақ, соққы беретін дрондарға бақылау жүргізіледі.

«Соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды мұқият зерделеудің нәтижесінде десанттық-шабуылдаушы әскерлерінде жасалған бұл әдістер жауынгерлік дайындықты едәуір арттырып қана қоймай, жеке құрам арасында үлкен шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді», - деп атап өтілген Қорғаныс министрлігінің "Қазақпаратқа" шыққан хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"