ҚАПШАҒАЙҒА ҚОНАЕВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ РЕСМИ ЖАРЛЫҒЫ ШЫҚТЫ

Уақыты: 03.05.2022
Оқылды: 2438
Бөлім: ТҮПСАНА

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жарлығымен Қапшағайға ресми түрде Қонаев қаласы деген атау берілді. Бұл туралы "Ақорда" хабарлады.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын. 2.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр, №885", - делінген Жарлық мәтінінде.

 

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деген ұсыныс шықса, қосылатынын айтқан. Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"