СҮЙІНБАЙ АҚЫН ІЗІМЕН: АРНАЙЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Уақыты: 02.08.2022
Оқылды: 1602
Бөлім: ТҮПСАНА

«Сүйінбай ақын ізімен» атты әдеби, тарихи-танымдық экспедиция Жамбыл облысының Қордай ауданына сапарлап қайтты.

Айтыс өнерінің алтын діңгегі саналған ақынның шығармашылығын зерделеу мақсатындағы экспедицияны белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы мен ақын атындағы музей ұжымы бірлесіп ұйымдастырды.

Делегация Қордай ауданының Кенен ауылындағы Мәдениет үйінде Халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаев туралы бейнефильмді тамашалап, жергілікті жұртшылық өкілдерімен кездесті. Жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов әйгілі «Сүйінбай мен Қатаған» айтысын орындап, ауыл өнерпаздарының ән-жыры тыңдалды.

Делегация құрамында тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев, жазушы Қуандық Түменбаев, жыршы-термеші Жылбек Бәшекұлы, Сүйінбай музейінің меңгерушісі Аяужан Сәдуақасова болды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы,

Алматы облысы