ТІЛ ТАҚЫРЫБЫН ҚОЗҒАҒАН ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 31.08.2022
Оқылды: 1582
Бөлім: ТҮПСАНА

Талдықорғанда тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Атап өтейік, биылғы байқау Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Байқауға қатысушылар үш номинация бойынша, яғни, «Үздік газет мақаласы», «Үздік телерадио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы (үздік әлеуметтік желі)» аталымдарымен бәйгеге түсті.

Байқаудың барлық талаптарын басшылыққа алған қазылар алқасының шешімімен «Жетісу» газетінен Қажет Андас («Үздік сайт мақаласы») пен Қуаныш Тұнғатар («Үздік газет мақаласы»), «Жетісу» радиосынан Мұхит Тоқтасын («Үздік телерадио бағдарламасы») жеңімпаз деп танылды. Сонымен бірге, Альфита Сексенбаева, Темірлан Айтбаев, Аяулы Қайратқызы, Жомарт Игіман және Назерке Әділбекова сынды өңірге танымал журналистер де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Марапаттау шарасында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Туғанай Рахымберлина журналистер қауымын құттықтап: «Қаламдарыңыздан қасиет кетпесін, ел игілігін ту еткен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер», – деген ізгі тілегін жеткізді.

Жеңімпаздар ендігі кезекте республикада бақ сынамақ.

Әйгерім ИЕБЕКОВА

Алматы облысы