Бастауыш – білімнің бастауы

Уақыты: 04.08.2016
Оқылды: 2905
Бөлім: ТҮПСАНА

Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше тұлға.     Ол – ба­ла­лар мен үлкендер әлемінің арасындағы са­рап­шы. Бас­­тауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өз­гемен са­лыс­ты­руға бол­­майды, себебі бұл еңбектің же­місі – жан-жақ­ты бі­лім­­ді, рухани тұрғыда же­тілген жеке тұлға қа­­лып­тас­ты­румен өлшенбек.

Мұғалімге отбасы мен қо­ғам ең қым­баттысын, өз елінің аза­ма­ты­ның болашағын, оның тағдырын табыс етеді. Бүгінгі мұғалім еңбегі қан­дай болса, ертеңгі болашағымыз да сон­дай болмақ. 

«Болашақта еңбек етіп, өмір сү­ретіндер бүгінгі мектеп оқушы­ла­ры, мұғалім оларды қалай тәрбие­ле­се Қазақстан сол деңгейде бола­ды. Сон­дық­тан ұстазға жүктелер мін­дет ауыр», – деп Елбасы             Н. Назар­­баев айт­қандай, қа­зіргі заман мұға­лі­мі­нен тек өз пә­ні­нің білгірі ғана емес, та­ри­хи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білім­ді­лік, ақпарат­тық сауаттылық та­лап етілуде. Ол за­ман та­ла­бына сай білім беруде жаңа­лыққа жаны құмар, шығар­ма­шы­лықпен жұмыс істеп, оқу мен тәр­бие ісіне еніп, оқы­ту­дың жаңа тех­нологиясын ше­бер меңгерген мұ­ғалім болуы тиіс.

Мұғалім әрқашанда өзін қо­ғам та­лабына сай үздіксіз тәр­биелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқу­шы­лармен қарым-қа­тынас жасай бі­ле­тін, ұйым­дас­тырушылық қабілеті жо­ғары, өз пәнін жетік білетін, та­лан­ты мен тәжірибесі тоғысқан, қо­ғам­дық-саяси өмірге бел­сенді арала­сып, өз елі мен же­ріне сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі бола білуі керек.

Білім беру мен тәрбиелеудің негі­зі – ұстаз. Қазіргі таңда шығарма­шы­лық ізденістегі педагогикалық жаңа әдістерді жете меңгерген, кәсібилігі қа­лыптасқан педагог аса қажет. ХХI ға­сырдың ұстазы жараты­лы­с­та­ну мен гуманитарлық ғы­лымдар бойын­ша біліммен те­рең сусындаған, ой-өрісі кең, жан дүниесі бай тұлға болуы шарт.

Жанна Абдилданова,

Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Балпық би ауылы,

 Көксу ауданы.