ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Уақыты: 09.08.2016
Оқылды: 1753
Бөлім: ТҮПСАНА

Іле аудандық әкімдігінің мәжіліс залында «Ислам – тәуелсіз елдің рухани тірегі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Мешіт имамдары, прокуратура, құқық қорғау органдарының, жастар ресурсы орталығының, әкімдік аппаратының қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ұстаздар қауымы қатысқан алқалы жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сұлтан Жарқынбеков ашып, жүргізіп отырды.

 

Жиында Қазақстан Мұ­сыл­мандары діни басқар­ма­сы­ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орын­басары, теология ғылымда­рының кан­дидаты Сан­сыз­бай Құрбанұлы, «Нұр-Мү­барак» Египет ислам мәде­ниеті уни­вер­ситетінің оқыту­шысы Жүсіп­бек Жас­ұлан, облыстық дін істері бас­қар­­масының «Дін саласын­дағы мәсе­ле­лерді зерттеу орта­лығы» ком­муналдық мемле­кеттік меке­месінің бөлім бас­шысы Ти­мур Нүсіпханов, Іле ауда­нының бас имамы Мұхтар Әбсаматов кезекпен сөз алып, еліміздегі діни ахуалға қатыс­ты өз ойларын ортаға салды. Олардың ойы бір арнаға тоғы­сып, Ислам дінінің Қазақ­стандағы тар­мағы Ханафи мәзхабын сырт­тан енетін сә­ла­филік және уаххабилік се­кіл­ді жат ағымдардан сақ­тандыру жол­дарын әңгі­ме­леді. Анық­тама үшін айта кетер болсақ, бү­гінгі күні сәлафилік ағым Пәкістан, Сауд Арабиясы, Ин­донезия, Үндістан секілді ел­дер мен Орта Азия және Сол­түстік Кавказда кең тара­лып отырса, уаххабилік ағым Сауд Ара­биясының ресми идео­логия­сына негіз болып отыр. Сондықтан да соңғы уақыт­тарда Ақтөбе, Алматы қала­ларында орын алған шетін оқиғалар қоғамда қызу талқы­лауға түсіп, дін мамандары арасында алаңдаушылық ту­дыр­ғаны жасырын емес. Шын­дығында барша мұсылманның қасиетті кітабы Құран Кәрімді дұрыс түсініп, дұрыс ұғыну әркімнің қолынан келе бер­мейді. Оны теріс тәпсірлейтін әртүрлі мектептер мен ағым­дардың жетегіне ілескен жас­тар өздерінің адасқанын ұғына алмайды. Осыны халыққа дұ­рыс жеткізу, жастарға түсінікті тілмен ұғындыру имамдардың, дін ғалымдарының міндеті. Ол үшін мобильді әлеуметтік же­лі­лерді, интернет желісін кеңі­нен пайдалану керек.

Жиында сөз алған Іле ауда­ны­ның аға прокуроры Мей­рамбек Дүйсенбаев Орта Азия және Ресейдегі мұсылмандар ұстанатын дәстүрлі исламдағы теріс ағымдардың жолын кесу үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін атап өтті. Одан бөлек, көпшілік өздерін толғандырған сауалдардың жауабын алып, бүгінгі Исламға қатысты өзекті мәселелермен танысты.

 

Мәди АЛЖАНБАЙ

Іле ауданы.