Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

Қуанса бала қуансын

Уақыты: 13.08.2016
Оқылды: 1260

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы уақыт қалды. Жадыраған жаздың осы бір тұсында ата-аналар балаларын мектепке даярлау үстінде. Ал барша оқушылар жарқыраған киім, жақсы көңіл-күймен білім шаңы­рағына енуге асық. Көпбалалы үйден шыққан, жетім, жартылай жетім балалар да қатарынан қалмай, қуанышты күнге ынтық. Өйткені ел көле­мін­де жалғасын тауып келе жатқан республи­калық «Мектепке жол» акциясы аясында аталған балаларға тиісінше көмек көрсетілуде.

 

Осындай игі істің бірі «Нұр Отан» партиясы Тал­ды­қорған қалалық филиа­лының ұйымдас­тыруымен өтті. Аталмыш шара­да қа­ла­­лық мәслихат депу­та­ты, «Нұр Отан» партиясы Тал­ды­қорған қалалық фи­лиалы жа­нын­дағы сыбай­лас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төр­ағасы Темірболат Жан­бо­лат­ұлы сөз алды. Ол:

Ел азаматы ретінде бұл акцияға барынша үн қосып келе­міз. Өйткені, жас-жеткін­шек­терге қам­қорлық көрсету біздің бас­ты парызымыз деп санай­мын. «Қуанса, бала қуан­сын» деп жақсы­лығы­мызды ая­май, олардың сапа­лы бі­лім алып, егемен елдің ерте­ңіне тұтқа болар тұл­ғаға айна­ларына жағ­дай жаса­уымыз керек, – дей келе, өзі қамқорлық көр­сеткен оқу­шыларға бі­лім­нің көк­жие­гінен көрі­ніңдер деп тілек біл­дірді. Сондай-ақ, бір­қатар оқу­шыға мектеп формасын та­быс етіп, оқу­­ға қажетті зат­тар үл­ес­­тірді.

Одан кейін сөз алған Ер­кін ауылындағы мек­теп­ке дейінгі шағын орталығы бар № 26 орта мектебінің дирек­торы Бекзат Құр­ма­шев ха­лық қалаулысы Те­мір­болат Жан­болат­ұлы­ның азамат­тық қасиетіне тоқ­талды. Ал аталған мек­тептің 7-сынып оқушысы Аққуан Боды­бай­дың ана­сы Ләззат Чукей­това жо­март­­қол жанға және игі шараны ұйымдас­тырушы­лар­ға де­ген алғысын жау­дырды.

Негізінде, «Нұр Отан» пар­тиясы Талдықорған қа­ла­лық филиалы жетім, жар­тылай же­тім баба­лар­ға және тұрмыс жағдайы тө­мен отбасыларға түрлі кө­мек көрсетуде. Соның бірі, «Бақытты балалық шақ» жо­басы аясында «Бо­­­ла­­­шаққа үлес қоса­мыз» ак­ция­сы бас­тау алып, ата-ана қара­уын­сыз қал­ған және жетім 25 ба­лаға банк­тен депозиттік есепшот ашыл­ған. Қазіргі таңда аталмыш есеп­шот­қа 1,5 миллион теңге ауда­рыл­­ғанын да айта кеткен жөн.

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.