Латын әліпбиі - уақыт талабы

Уақыты: 15.10.2018
Оқылды: 1298
Бөлім: ТҮПСАНА

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біріншіден қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кіріспе, Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», –  деп айтқан еді.

Сондай-ақ, Елбасы өзінің 2012 жылы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында да мемлекет өз тарапынан тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келе жатқанын, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керектігін алға тартқан болатын.
Өткен тарихымызға жүгінер болсақ, 1929 жылғы   7 тамызда КСРО орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің Президенті латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасы негізінде «төте жазу» қолданылған.
Бүгінде латын әліпбиіне көшу еліміз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі болмақ. Өйткені, Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртетін болсақ: бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы.
Мақаланы түйіндей келгенде латын әліпбиіне көшу – еліміздің болашағын жарқын етеді, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлт санасының қайта жаңғыруына жол ашады.

Ш. Шынтөреева,
А. Хусайнова,
Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің мұғалімдері
Боралдай кенті,
Іле ауданы