БҮГІН "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫНА" АРНАЛҒАН ОТЫРЫС ӨТЕДІ

Уақыты: 11.12.2018
Оқылды: 1424
Бөлім: ТҮПСАНА

2018 жылдың 11 желтоқсан күні сағ. 15.00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректорат залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған Қазақстандағы өнер саласының бейін мамандықтары бойынша  ЖОО-ның өкілдерінің қатысуымен «Өнер жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері қызметінің жаңа пішіндері»  атты оқу-әдістемелік бірлестігінің көшпелі отырысы өтеді.

Академия еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыратын кадрларды даярлау және әлемдік деңгейдегі қазақстандық ғылыми-шығармашылық элитаны қалыптастырушы көшбасшы шығармашылық ЖОО ретінде халқымыздың өнерін дамытуға өз үлесін қосуды  ең басты міндетінің бірі деп санайды.

Оқу-әдістемелік бірлестігі көшпелі жиынын өткізудің негізгі мақсаты – академия өнер мамандықтарын ұлттық өнермен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың, заманауи білім беру технологияларын ендірудің және инновациялық білім берудің жаңа әдістемелерін таныстыру және талқылау.

Аталмыш басқосуға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының  өкілдері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Баспа ісі және дизайн» мамандығы оқытушылары Шабыт Қазақ Ұлттық өнер университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы және өнер саласының  театр өнері, кескіндеме, аудиовизуальдық құралдар және медиакеңістік, музыка өнері және дизайн мамандары қатысады деп күтілуде.

Өтететін орны: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Жиынның басталу уақыты: 2018 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15.00-де. Қосымша ақпарат алу үшін: тел.: 8 (727) 2-72-99-04, 8 707-307-81-82, 8 702-350-40-67.

Эльмира СҰЛТАНБАЕВА

Алматы қаласы