РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ

Уақыты: 27.12.2018
Оқылды: 1292
Бөлім: ТҮПСАНА

Латыншаға көшудің терең логикасы бар.  Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен тамыз-қараша айларында мәдениетті дамытудың басты бағыттары мен тіл саясатын жүзеге асыруға арналған «Ескерткіш – ел тарихы» атты облыстық семинар-конференция, «Бабалардың үнісің сен, Домбыра!» атты күйшілер байқауы, «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» атты республикалық конференция өтті.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне көшу идеясын насихаттау мен түсіндіру, латын әліпбиін қолданудың өзектілігі мен маңыздылығын жеткізу мақсатында белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Османның, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мамандарының, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларының, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы негізінде өткен «Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» атты республикалық конференцияда ұлтты ұйыстыратын алтын арқау –латынға негізделген әліпбидің басты мәселелері, жаңа әліпбиді енгізудегі дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы сынды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу идеясын қолдау мақсатында білім беру жүйесінің барлық салаларында насихаттау жұмыстарын жүйелі жүргізу, ұлттық рухты жаңғыртып, ұлттық мәдениетті тану мен танытудың жолы ретінде латын әліпбиіне көшуде рухани-мәдени салаларда ежелден келе жатқан тәжірибелер ескеріліп, осы саладағы арналы да терең зерттеулерге қолдау жасау, білім беру жүйесінде ұлт болмысының өзегін құрайтын жаңа әліпбиді меңгеру мен оқытудың мазмұнын айқындау, соған сәйкес ғылыми-әдіснамалық тұғырын зерттеудің қолға алынуы туралы ұсыныстар қабылданды.

Гүлім Нұрғалиева,
заң ғылымдарының магистрі,
«Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының директоры